Неміс кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 2,4 млрд доллар инвестиция салмақ

Неміс  кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 2,4 млрд доллар инвестиция салмақ

Неміс  кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына 2,4 млрд доллар инвестиция салуға ниетті. Сонымен қатар сарапшылардың пікірінше, еліміздің шикізаттық емес секторы Германия тарабы үшін ең тартымды болып қала бермек. Инвестициялардың 90%-ы осы салаға бағытталмақ. Бұдан кейін кәсіпкерлер арасында өндіріс, электр энергиясы, сонымен қатар ғылыми-техникалық қызмет тұр.

АКСЕЛЬ ФИШЕР, БУНДЕСТАГА ДЕПУТАТЫ:

- Қазақстан – Орталық Азиядағы ең маңызды серіктес. Бізде ынтымақтастықты кеңейтудің көптеген бағыттары бар. Атап айтар болсақ, тек экономика ғана емес, сонымен бірге білім және ғылым саласы да бар.  Біз өз тарапымыздан  тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

Бүгінде Қазақстанда неміс капиталы бар 900-ден астам компания бар. Іскер топтар Қазақстанға деген қызығушылық өте жоғары екенін айтады. Бұл, әсіресе, Қасым-жомарт Тоқаевтың Берлинде неміс инвесторлары үшін ерекше жағдайлар қарастырылғанын айтқаннан кейін байқала түсті.

ЭДУАРД КИНСБРУНЕР, ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫ ШЫҒЫС КОМИТЕТІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 - Неміс кәсіпкерлері Қазақстан инвестиция жасауға өте қолайлы ел екенін көріп отыр. Сондай-ақ Германия бизнесі үшін жасалған жағдай Қазақстан нарығына қызығушылықты арттырды. Мен Қазақстанға деген ықылас зор екенін растай аламын. Алдағы айларда бірлескен жобалар көп болатынына сенімдімін.

Фото: vlast.kz