Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналым 6,5 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналым 6,5 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті. Көрсеткіш 66 пайызға артып, 6,5 млрд долларды құрады. Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиын барасында екі елдің сыртқы істер министрліктері өкілдері өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, 2020 жылы да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

ШАХРАТ НҰРЫШЕВ,  ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢІ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Корей тарапы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастыққа қатты қызығушылық білдіріп отыр. Және де технологиялық парктер құру, Қазақстанда аурухуналар салу мәселесіне қызығушылық білдіріп отыр. Біздің делегация құрамында «Қазақинвест» өкілдері бар, олар осы жерде өздерінің әріптестерімен кездесулер өтікізеді, нақты талқылаулар болады.

Фото: 365info.kz