Қытайға ет экспорты уақытша тоқтатылды

Қытайға ет экспорты уақытша тоқтатылды

Коронавирустың белең алуы қазақстандық кәсіпкерлердің жоспарларына кедергі жасады. Отандық компаниялар ет экспортының көлемін ұлғайтуды мақсат тұтқан еді. Алайда қауіпті инфекцияның таралуына байланысты Қытайға ет жеткізілімдері уақытша тоқтатылды.

Атап өтерлігі, аспан асты елі жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің басты өткізу нарығы саналады. Былтыр кәсіпорындар Халық Республикасына 4 мың тоннадан аса сиыр етін жөнелткен. Жалпы, 2019 жылы агроэкспорттағы ет пен ет өнімдерінің көлемі рекордтық 63 мың тоннаға жеткен. Ал биыл қазақстандық кәсіпкерлер бұл көрсеткішті үштен бірге ұлғайтуды көздеген еді.

Фото: inbusiness.kz


×