Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің біріне айналды

Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің біріне айналды. Үкіметтің мәліметіне сәйкес, көлік секторы республиканың Жалпы ішкі өнімінің 8,2 пайызын құрап отыр. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша, сала 5,1 пайыз көлемінде өсім көрсеткен. Қазақстан арқылы тасымалданған транзиттік жүк көлемі 19,4 млн тоннаға жетті. Оның ішінде темір жол көлігімен 17,5 млн тонна тасымалданған. Жүк ағынының негізгі үлесі, яғни 75,6% Орталық Азия елдеріне тиесілі.

Сонымен бірге, Ресей, Қытай және Еуропа Одағының елдеріне де Қазақстан аумағымен жүктер жеткізіледі.

Фото: ru.delfi.lt