АХҚО аясында Еуразиялық зергерлік бюро құрылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының жанынан Еуразиялық зергерлік бюро құрылмақ. Бұл туралы Қазақстан зергерлер лигасының өкілдері мәлімдеді. Бюро құрамына тек отандық зергерлер емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс істейтін зергерлік қауымдастықтар да қосылады. Шеберлер бұл жобаның болашағы зор деп үміттенеді.

Олардың айтуынша, бүгінгі таңда отандық өндірушілер жергілікті нарықтың тек 0,5 пайызын ғана қамтып отыр. Қалған өнімдер шет мемлекеттерден әкелінеді. Әшекей бұйымдар негізінен Ресей, Түркия, Қырғызстан, және Армения елдерінен тасымалданады. Жақын уақытта отандық өнімдердің саны сөрелерде арта түседі деп жоспарлап отыр.

Фото: kapital.kz