2019 жылдың 3-тоқсанында тікелей инвестиция ауқымы 16% өсті

ЕО елдері Қазақстан экономикасына инвестициялар салуда. Бұған елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар мен кәсіпкерлер үшін жасалған салықтық преференциялар ықпал еткен.

Айта кетейік, Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы байланыс жөніндегі диалог алаңының төртінші отырысында 2019 жылдың 3-тоқсанында өзара ынтымақтастықтың қорытындылары жарияланды. Осы уақыт аралағында ЕО елдерінен тікелей инвестициялар ағыны шамамен 16%-ға өсіп, 8,7 млрд доллардан асып жығылған. Үкімет басшысы Асқар Мамин дипломаттарды одан әрі ашық әрі белсенді келіссөз жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар сәуір айында өтетін инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі диалог бойынша алдағы отырысының күн тәртібін талқылады. Бұл бір жағынан Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі және ДСҰ 12-ші министрлік конференциясына дайындық болып отыр.

Фото: primeminister.kz