Дүниежүзілік банктің Қазақстанның 2020 жылғы экономикасына қатысты болжамы

Қазақстан биыл да Орталық Азия аймағындағы көшбасшылығын сақтап қалады. Дүниежүзілік банктің еліміздің 2020 жылғы экономикасының өсіміне қатысты жасаған болжамында осылай делінген. Халықаралық қаржы ұйымы мамандарының  пікірінше, ол үшін жалпы аймақтың әлеуетін үндестіріп, экономиканы әртараптандыруға күш салу қажет. Есесіне, Орталық Азия нарығының дамуы мемлекетіміздегі жалпы өсімді қамтамасыз етуге тікелей қатысты болады.

Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, елімізде көлік, логистика, еңбек өнімділігі мен мал өнімі экспортының былтырғы даму қарқыны сақталады деп күтілуде. Жаһандық қосымша құн тізбегінде де  көрсеткіштердің артып келетіні байқалады. 

САМСУ РАХАРАДЖА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДҮНИЕЖІЗІЛІК БАНК ӨКІЛДІГІНІҢ АҒА ЭКОНОМИСТІ:

 - Бұл негізі экономикалық дамудың жақсы қарқыны деп саналады. Бір айта кетерлігі, біз әзірге базалық сценарий бойынша жалпылама болжам жасап отырмыз. Оған былтырғы қыркүйек айына дейінгі мәліметтер негізге алынған. Әрине 2020 жылдың алғашқы тоқсанынан соң деректер қайта қаралып, жаңа ақпараттық көрсеткіштерге сай сараланатын болады. Ал өсім 3,7 пайызды құрайды деп отырғанымыз оған негізі сыртқы факторлардың әсері басым. Өйткені әлемдік экономиканың дамуы  тұрақсыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: inbusiness.kz