Германиялық компания елімізде агроөндірісшілерді біріктіретін сауда платформасын құрады

Ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз тікелей сыртқы нарыққа шығару. Қазақстандық шаруаларға осындай мүмкіндік ұсынылып отыр. Германиялық компания елімізде әлемнің агроөндірісшілерін біріктіретін  ақпараттық сауда платформасын құруға ниетті. Шетелдік мамандар халықаралық электронды сауда инфроқұрылымын ендіріп, қажетті ақпараттық колдау жасауға дайын. Бүгінгі күні бірегей сандық алаңға әлемнің 70 мыңнан астам пайдаланушысы тіркелген. Олардың 80 пайызы – Еуропа елдерінің азаматтары. Тіркелу тегін, жүйедегі бар мәлімет әлемнің 10 тілінде жүргізіледі. Осылайша, әлемнің агро шаруашылықтары өнімдерін өткізу үшін бір бірімен тікелей байланысып, өзара ақпарат алмаса алады. Бастысы – бәсекеге қабілетті болып, сапалы өнім ұсыну.   

МИХАЭЛЬ ГЮТЛИХ, АҚПАРАТТЫҚ САУДА ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ /ГЕРМАНИЯ/:

-  Қазақстанға келген мақсатымыз – осы технологияны жергілікті жерде ендіру. Кәсіпкерлерге сауда операциялары қолжетімді ету үшін алдымен  еуропалық стандарттарды дамыту қажет. Біз оған барынша септесетін боламыз. Сондай-ақ бұл жерде әлемдік нарықтың сұранысына байланысты ақпарат беріледі. Ең бастысы, өндірісшілер тікелей әлем нарықтарына шығуға мүмкіндік алады.  

ҚАЙНАР ТАЙЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ауылшаруашылық министрлігі бүгінде ауылшаруашылық саласындағы жалпы үрдістердің барлығын цифрландыру жұмыстарын атқарып жатыр. Соның есесіне осы екі жұмысты бір-біріне ұштастыратын болсақ, жақсы нәтижеге жетуімізге болады. Бұл – бір мәселе. Екінші мәселе – сауданы арттырудың бірден-бір мүмкіндігі ол сапалы өнімді саудалау. Оған әлбетте органикалық және «глобал гап» сынды стандарттар енгізу болып табылады.    

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: espreso.tv