Қазақстан Даму Банкінің қолдау жобалары

Қазақстан даму банкі 2019 жылы инфроқұрылым мен өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобаларға  480 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. Елордада қаржы институтының былтырғы атқарған жұмысы қорытындыланды. Осы есептік кезеңдегі банктің қаржылай қолдауымен жаңадан 8 отандық кәсіпорын құрылды. Бұл қатарда Алматы маңындағы қуаты 100 МВт-тық күн электр станциясы, «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылысы, Шымкент және Атырау қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғыртуға қатысты инвестициялық жобалар бар.

Сарапшылардың айтуынша, бұл тың бастамалар еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға сүбелі үлесін қосады. Бұған қоса өткен жылы Қазақстан Даму Банкі жалпы құны 436,5 млрд теңгені құраған 14 жобаны мақұлдады. Оның 11-і инвестициялық, үшеуі экспорттық операцияларға қатысты.     

ӘДІЛ ИСМАҒАМБЕТОВ, ҚДБ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Клиенттерге берілген займдардың салалық тұрғыдан аясы кең болды. Негізінен электр құрылғыларын жасау, мұнай өңдеу және мұнай  өнімдерін шығару, металлургия, баламалы қуат көздерін өндіру, тамақ өнеркәсібі сынды салаларды қамтыды. Қазақстан Даму Банкі ел экономикасының шикізаттық емес секторына аса ірі индустриялық және инновациялық бастамаларын жүзеге асыруға орта және ұзақ мерзімге төмен пайызбен несие беретін негізгі операторлық мәнге ие. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: 7kun.kz