«Астана» халықаралық қаржы орталығы дамуының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында қазақстандық делегация Дубай экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Еліміздегі қаржы орталығынын құру барысында дәл осы нысан үлгі ретінде қарастырылған болатын. Дубайдағы мекеме 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда онда 2,5 мыңнан астам компания және 600 жуық қаржы институттары тіркелген.

Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша, «Астана» қаржы орталығында 370-тен астам ұйым бар. 2020 жылдың соңына дейін кем дегенде 500 компания тіркеледі деп күтілуде.  

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл сапар елімізге жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Дубай қаласында жұмыс істеп жатқан Таяу Шығыс елдерінің көптеген инвесторлары «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында жұмыс істеуге ниет танытты. Қазақстан Үкіметі жалпы сомасы 40 млрд доллар болатын келісімшарттар бойынша жұмыс істеуді ұсынды. Менің ойымша, бұл – экономикамызды ілгерілетуге жасалған өте тиімді ұсыныс. Себебі Дубай инвесторлары өздерінің қаржы орталығының қалай жұмыс істейтіндігін жақсы біледі.

Өткен жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығына 130 млн доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Сырт мемлекеттердің іскерлері негізінен мұнай-химия өнеркәсібіне, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, қаржы қызметтері,туризм және білім салаларына қаржы бағыттайды.

ВИКТОР СААД, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ХОЛДИНГІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз білім жүйесінде өзіндік орны бар орталық екенімізді сеніммен айта аламын. Себебі ағарту саласында 130 жылдан астам тәжірибеміз бар. Қазақстанда екі бірдей кампты ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың құрылысына 70 млн доллар көлемінде жұмсалады. Бұл – ерекше жоба.

Фото: sputniknews.kz