АҚШ пен Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастығы

АҚШ пен Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастығы

Қазақстан мен АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастығының болашағы зор, дейді америкалық агрокомпаниялардың өкілдері. Айтуларынша, қазақстандық фермерлер инновациялық жобаларға қызуғышылық білдіріп, жаңа технологияларды ендіруге ден қойған. Осы ретте америкалық фермерлердің қазақстандық әріптестерімен бөлісер тәжірибесі бар.

Соның ішінде агроөнім өндірісін дамыту мен егістіктердің өнімділігін арттыру бағыттарында. Осы күні екі ел арасында аграрлық ғылым, білім мен өндіріс интеграциясын кеңейту туралы бірлескен меморандумдарға қол қойылған.

ПИТЕР ДЖОНС, АГРОӨНЕРКӘСІП КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ /МИННЕСОТА/:

 - Қазақстан – ауа-райы мәліметтерін қолдану бойынша жаңа технологияларды енгізіп отырған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Ал жергілікті фермерлер қосымша білім алуға дайын. Бұл тұста білімнің маңызы зор. Біз Қазақстандағы Аграрлық университетпен ынтымақтастық меморандумына қол қойып, өз тәжірибемізбен, ноу-хауларымызбен бөлісіп келеміз. Оқу орны өз кезегінде отандық өндірушілерді оқытады.  

Ірі ауыл шаруашылық компаниясының вице-президенті Питер Джонстың айтуынша, Америка Құрама Штаттары қазақстандық сапалы биоөнімдерді сатып алуға дайын. Бұл үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану қажет, дейді маман.

ПИТЕР ДЖОНС, АГРОӨНЕРКӘСІП КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ /МИННЕСОТА/:

 - Қазақстан мен АҚШ-тың ауыл шаруашылығы саласындағы  ынтымақтастығының әлеуеті зор. Қазақстан – Азиядағы азық-түлік өндіруші ірі мемлекет, және өңір елдеріне тағам өнімдерін басты экспорттаушы. Менің білуімше, Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігі 2020 жылы экспорт көлемін 40 пайызға арттыруды көздеп отыр. Осы мақсатқа жету үшін қазақстандық фермерлер жұмыс тиімділігін арттырып, өнім сапасын көтеруі қажет.

Фото: vestifinance.ru