Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді

Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді. Былтыр еліміз арқылы 19,4 млн тонна транзиттік жүк тасымалданып, 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға артқан.  Бір айта кетерлік жайт, оның ішінде автомобиль жолдарымен жеткізілетін тасымалдың үлесі басым болды.  Бұл орайдағы өсім шамамен 20 пайызды құрап отыр.

Биыл осы межені еселеп, халықаралық жүк тасымалы дәліздерін дамыту жоспарланған. Бұған қатысты «Азия мен Еуропаның сауда-көліктік көпірі» атты жаңа бағдарлама қолға алынбақ. Мұндағы мақсат – Қазақстанды кәрі және сары құрлықтарды байланыстырушы жаһандық торапқа айналдырып, әлеуетті барынша кәдеге жарату. 

ЕРЛАН АБСАТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӨЛІК ОДАҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазақстанның көлік дәліздерін дамыту көзделіп отыр. Қазіргі таңда сауда-көліктік саланы жетілдіруге бағытталған арнайы бағдарлама  белсенді түрде дамытылып жатыр. Бүгін осыған байланысты арнайы кеңес ұйымдастырылды. Онда жүк тасымалы саласына қызығушылық танытып отырған бизнес пен тиісті мемлекеттік сектордың өкілдері бас қосты. Өйткені бұл – әлеуеті аса жоғары, бәсекеге қабілетті бағыттардың бірі.   

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: camonitor.kz