Қазақстан экономикасының өсімі 4,5% құрады

Қазақстан экономикасының өсімі 4,5% құрады

2019 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,5 процентті құрады. Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Жиында Премьер-министр Асқар Мамин еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, түрлі салалардағы жағдай туралы баяндады.

Атап айтқанда, негізгі капиталға инвестициялар 8,5 пайызға өскен. Ең көп қаржы агроөнеркәсіп кешеніне бағытталған, ол 4,5 трлн теңгеге тең. Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында төртінші өнеркәсіптік революция іске асырылмақ. Ел үкіметінің алдында тұрған маңызды міндет – отандық өндірістердің экспорттық әлеуетін арттыру. Ол үшін сауда кедергілері алынып тасталып, өндірушілерге сервистік қолдау көрсетілмек.

Фото:primeminister.kz