Түркістан облысында құрама жем шығаратын зауыт іске қосылды

Түркістан облысында құрама жем шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл – өңірдегі мал азығын дайындайтын жалғыз кәсіпорын. Жылдық қуаттылығы – 70 мың тонна. Әзірге дайын өнім тек ішкі нарыққа жөнелтілуде. Алдағы уақытта кәсіпорын өз өнімін Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңа өндіріс орны толықтай түрік технологиясымен жабдықталған. Барлығы автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Жоба құны – 850 млн теңге. Бұған дейін жергілікті фермерлер мал азығын Шығыс Қазақстан облысынан тасымалдап келіпті.

МҰСРАТУЛЛА ӘБДІҚАДЫРОВ, КӘСІПКЕР:

 - Тәулігіне 250 тонна өнім шығарамыз. 2-3 жылда жоба өз құнын толық ақтайды. Негізгі шикізат көзі – арпа мен бидай. Оны жергілікті шаруалардан сатып аламыз. Қазір зауыт төрт түрлі өнім түрін шығарады. Сұраныс көп. Болашақта өндіріс қуатын арттырып, кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Фото: 24.kz