Аграрлық кешеннің заманауи шешімдері

Ауыл шаруашылығын жетілдіруде заманауи тәсілдер қолданылады. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің іскерлік кеңесі «Агробизнес 2025» бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынып отыр. Инновацияға негізделген бастама жобаларды жүйелеп, жер емген шаруалар мен  сала мамандарын бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Бұл мақсатта өңірлік жобалық кеңселер мен ауылды аймақтарды дамыту сараптамалық  орталықтары және ғылыми кеңес құру жоспарланған. Олар өзара арнайы желілік жүйе арқылы байланысатын болады. Нәтижесінде жолдың машақаты шешіліп, күрмеулі ортақ мәселелерді онлайн режимінде талқылау мүмкінлдігі тумақ.

АРМАН ЕВНИЕВ, «АӨК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІ» БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Тек қана өзіміз бүкіл мәселені шешпей, әлемде осы тұрғыда не болып жатыр деп ең үздік университеттерді біріктіріп, әріптестікке шақырып нақты класстерлерге байлайық деп отырмыз. Яғни бүгінгі заман талабы солай, барлығы ақпаратқа байланысты «биг дата» дейміз, жаңа технологиялар бар. Осыған байланысты біз арнайы «агро дата kz.» деген жобаны ұсынып жатырмыз. Ол аналитикалық платформаларға негіздеме жасайды.

Фото: today.kz