Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығына – 27 жыл

Қазақстан мен Тәжікстан – стратегиялық әріптестер. Елордада қос тараптың 27 жылдық ынтымақтастығының нәтижесі талқыланды. Жиында дипломаттар, жергілікті Парламент депутаттары мен тәжік диаспорасы мен саясаткерлері бас қосты.

Қатысушылардың айтуынша, жыл сайын мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас көкжиегі кеңейіп, әлеуеті артып келеді. Саяси, мәдени және экономикалық әріптестік жаңа белеске көтерілді.

Орталық Азия елдері өзара алыс беріс, пен барыс келісті жақсы жолға қойған. Сауда-саттық артып, сәйкесінше тауар айналымы еселенген. Тек былтырғы экономикалық көрсеткіштерге сай  мемлекеттер бір-бірімен 957 млн доллар шамасында саудаласып, тауар алмасқан.

2018 жылғы көлемнен салыстыра қарағанда өсім 14,5 пайызды құрайды. Тәжікстан Республикасынан 220 млн доллардың өнімі импортталса, Қазақстанның аумағынан 750 млн доллардың тауары экспортталды. 

ХАЙРУЛЛО ИБОДЗОДА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘЖІКСТАН ЕЛШІСІ:

 - Бұл – ең алдымен елдеріміздің үкіметтері мен тиісті министрліктері және ведомстваларының белсенді жұмысының нәтижесі. Жыл сайын екіжақты жиындар өтіп тұрады. Нұр-Сұлтан мен Душанбе қалаларында өтетін басқосуларда өзара келісімдердің жүзеге асырылу барысы талқыланып, сарапталады. 2007 жылдан бүгінгі таңға дейін Тәжікстан  экономикасына 520 млн доллар инвестиция құйылды. Ортақ жобалар қолға алынды. 84 бірлескен кәсіпорын құрылды. Оның 15-сі қазақстандық бизнесмендердің үлесіне тиесілі. Сондай-ақ төрт ірі тәжікстандық бизнесменнің Қазақстанда кәсіпорындары жұмыс істеп тұр.

Фото: ehonews.kz