Қазақстанда импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады

Қазақстанда импортты алмастыру жөніндегі кеңес құрылады. Кеңестің бірінші отырысында жергілікті құрам өнімдерін ұлғайту және өткізу нарықтарын кеңейту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Жаңа алаңда кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен бірлесе импортты алмастыру жөніндегі инвестициялық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыратын болады.

Ұлттық палата машина жасау, азық-түлік, жеңіл, химия және жиһаз өнеркәсібі сияқты бес сала бойынша 360-тан аса перспективті топтарды іріктеп алды. 

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Өткен жылы 156 мың бас ірі қара мал, 260 мың қой экспортқа жіберілді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Екі жағдайда да 80 пайызға жуығы Өзбекстанға жөнелтілді. Бізге шикізаттық емес, өндірістік саланы дамыту керек.

Фото: strategy2050.kz