Қазақстандық кәсіпорындарға цифрлық технологияларды енгізу

Цифрлық технологияларды енгізу қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.

Түркістан облысындағы трансформатор зауытында роботтандырылған техника қолданылмақ. Жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын 2 құлтемір дәнекерлеу және өнімді жинаумен айналысады. Соның нәтижесінде шығын көлемі 10%-ке қысқарады және өндіріс көлемі ұлғаяды.

Айта кетейік, Кентау трансформатор зауыты – еліміздің жетекші кәсіпорындарының бірі. Зауыт 400-ге жуық трансформатор түрін шығарады, оның жартысына жуығы шет мемлекеттерге экспортталады.

ХАЙРУЛЛА ҚОЖАБАЕВ, ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Тәуелсіздік жылдары біз экспортқа шығаратын өнімдеріміздің де санын көбейттік. Айтар болсақ, Монғолия, Еуропа, Чехия, Латвия, Украина, Белоруссия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты мемлекеттерге біз өзіміздің шығарған өніміміздің 40 пайызын экспортқа жіберіп жатырмыз. Бұл біздің ұжымның, еліміздің жетістігі.

Фото: fdlx.com