Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Павлодардағы филиалына – 15 жыл

Павлодардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 15 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ертіс өңірінде аталған банктің көмегімен 10 мыңдай қала тұрғыны баспаналы болған. Жыл сайын қаржы институты пәрменді жинақ шоттарына мемлекеттік сыйақы аударады. Оның максималды мөлшері – 101 мың теңге. Бұл – жинақ қорын ұлғайтуға таптырмас мүмкіндік.

ТАЛҒАТ ҚҰСАЙЫНОВ, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ» САЛЫМШЫСЫ:

 - Керемет! Біз өте ризамыз. Қосып отырған үлестері өлшеусіз. Келешекте де бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – Сарыарқа шағын ауданының белсенді қатысушысы. Іргесі жаңа қаланған бес көпқабатты үйден 396 банк салымшысы пәтер алды. Соңғы кезде балалар депозитіне қызығушылық артқан.

АҚМАРАЛ МҰХАМЕДЖАНОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ» САЛЫМШЫСЫ:

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі нарыққа шын мәнінде жақсы қызмет ұсынып отыр. Біз енді балаларға депозит ашуды жоспарлап отырмыз. Ол баланың болашағы үшін керек.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына тиімді проценттік мөлшерлеме ғана емес, мерекелік көңіл күй де сыйлайды.

Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен мұз айдынында өткен «Zhilstroi Ice Party» думанында банк қызметкерлері несиелеуге байланысты түрлі лайфхактар көрсетіп, жаңа жылдық тосын сыйлар жасады.

БОТАГӨЗ ҚАМАРОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Алдымыздағы жылы әуежай ауданында жеке тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша жұмыс басталады. Жер кезегінде тұрған қала тұрғындарын шақырамыз. Жер қатынастарынан жолдама алып, бізге келулеріне болады. Біз қуана қызмет көрсетеміз.

Жақын болашақта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына жаңа «Достық» шағын ауданынан үй бере бастайды.

Фото: tengrinews.kz