Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылы рекордтық өсім көрсетті

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін «Бақытты отбасылар» жылы болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аталмыш қаржы институты ұсынған қызметтердің үздігі атанды. 5 айдың ішінде ғана баспанаға зәру 4000-нан астам қазақстандық жанұя қоныс тойын атап өтті. 740 отбасы өздеріне қолайлы пәтер іздеуде. 

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

 - Шілде-тамыз айларының ішінде өтініш берген 5 мың клиентіміздің мүмкіндіктері шектеулі, толық емес және көпбалалы отбасы екенін ескеріп, біз бизнес үрдісті толықтай қайта құрдық. Ондағы басты мақсат – олардың нарықта өздеріне қолайлы болатын баспана таңдауына мүмкіндік жасау.   

Сондай-ақ Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үстіміздегі жылы IT-технологияларға негізделген ерекше қызмет көрсетудің экожүйесін құрған. Ол клиенттермен жұмыс жасауға бағытталған.

ӘДІЛЕТ ҚОЖАНБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біз – құқық белгілеуші кепілдік құжаттарды қабылдау үрдісін жойған елдегі алғашқы банкпіз. Бұдан былай кепілдікті айғақтайтын құжаттар қолданыстан шығарылды. Бұл клиентке тұрмыстық жайттарға қатысты мәселелерді заңдастыру барысында біршама кедергі келтірген еді.    

Бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің түрлі бағдарламалары бойынша 1,5 млн қазақстандық баспана алуға қаражат жинап жатыр. Пәтер алуға үкіметте демеу жасайды. 505 000 теңгеден аспайтын салымға 20 пайыздық қосымша сыйақы беріледі.

Фото: pavlodarnews.kz