«Бір белдеу, бір жол» бастамасы ОА елдерінің экономикалық өсіміне оң ықпалын тигізеді

Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Орталық Азия елдерінің экономикалық өсіміне оң ықпалын тигізеді, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, аспан асты елінен жаңа инфрақұрылымдық жобаларға тартылған инвестиция аймақтың жалпы дамуына серпін береді. Бүгінгі таңда өңірдегі мемлекеттер аталмыш бағдарлама аясында логистикалық желілер, көліктік дәліздер мен транзиттік жүк тасымалы салаларын жетілдіруге ниет танытып отыр.

Олардың қатарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі, «Солтүстік – Оңтүстік» орталық транзиттік дәлізі мен «Чуньцин –Дуйсбург» трансазиялық теміржол жобалары бар. 

ГЕРГЕЛИ САЛАТ, ҚЫТАЙ БОЙЫНША САРАПШЫ /ВЕНГРИЯ/:

- Бүгінгі таңда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 130-ға тарта ел Қытаймен ынтымақтастық жөніндегі келісімдер жасасты. Ортақ жобалардың негізі Еуразия мен Африка елдеріне тиесілі. Бұл шамамен әлем халықтарының 60 пайызын құрап отыр. Осы халықаралық бастама ең алдымен дамушы елдер үшін қажет деп есептеймін. Себебі олар инфрақұрылымдық жобаларды қолға алып, саланы жаңғыртуға мүдделілік танытуда. Бұл, әсіресе, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері үшін аса қызықты деп ойлаймын. Сондықтан ауқымды бастаманың шарапатын алдымен осы аймақтардағы мемлекеттер көретін болады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: egemen.kz