Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдердің ортақ нарығы құрылады

Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдердің ортақ нарығы құрылады.

Сенатта «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығына қатысты заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды.

Келісімде 7 бағыт айқындалған. Ол одаққа мүше елдердің банктік сақтандыру, бағалы қағаздар мен қызмет көрсету лицензияларын өзара танып, нарыққа шектеусіз кіруді қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік кедергілерді жоюды көздейді.

Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеуді жетілдіріп, бақылау тәртібін бекіту жоспарланған.

Сондай-ақ құжатта қаржы қызметтерін тұтынушының құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптары жан-жақты қарастырылған.

Одақтас мемлекеттердің бірыңғай  қаржылық мүдесін үйлестіру жоспарын 2025 жылы аяқтау межеленіп отыр. Бұл қабылданған іс-шаралар қатысушы елдердің қаржылық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

ЕСЖАН БІРТАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Үйлесімді критерийлер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бірінің заңнамасы бола алмайды. Үйлесімді критерийлер халықаралық  принциптер мен стандарттар не ең үздік халықаралық практика негізінде жүргізілетін болады. Тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша функциялар орталық банктерде және қаржы реттеушілерінде қалады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: ca-news.org