Қазақстан мен Румыния іскерлік әріптестікті нығайтады

Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді. Оңтүстік Шығыс Еуропа елінің ірі компаниясы елімізде жүк тасымалдайтын  вагондар құрастыру және темір жол нысандарының қосалқы бөлшектерін шығаруға арналған бірлескен кәсіпорын ашуға ниет танытып отыр.

Сондай-ақ тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы сынды негізгі экономикалық салаларда әріптестік әлеуетін арттыруды көздейді. Екіжақты тиімді қарым-қатынасты дамыту үшін әуе байланысын жандандыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бүгінде қос ел астаналары арасында тікелей рейс ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл жөнінде Қазақстанның Румыниядағы елшісі Нұрбах Рүстемов мәлімдеді.

НҰРБАХ РҮСТЕМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУМЫНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Ендігі жылы біз тестовый перелет жасайтын боламыз. Ал 2021 жылдан бстап тұрақты жүйеде екі мемлекеттің арасындағы үлкен қалаларды қосады деген жұмыс жасалып жатыр. Тікелей ұшу рейстерін ашқан мемлекеттермен біздің туристік әлеуетіміз жоғарылай береді. Сондай-ақ сауда-саттығымыз да ұлғая береді. Сауда қатынасы өте жоғары деңгейде, яғни жыл сайын 1 миллиард 800 миллионға дейін жетеді. Биылғы жылдың 9 айында 1 миллиард 337 млн долларды құрады. Біздің ойымызша, биылғы жылы да сол көрсеткіштен кем болмайды.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: mfa.gov.kz