Елорданың экономикалық даму көрсеткіштері қорытындыланды

Нұр-Сұлтан қаласы инвестиция тартып, бизнес жүргізуге аса қолайлы елдің ірі іскерлік орталығына айналды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов есептік баспасөз маслихаты барысында шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 52,5 пайызға жеткенін мәлімдеді. Бұл – Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Оның көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Жалпы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарқынды түрде өсіп отырғаны байқалады. Үстіміздегі жылдың 11 айында ғана жалпы өңірлік өнімнің үлесі 4,2 пайызға жоғарылап, 2 триллион 700 млрд теңгені құраған. Ал өндіріс көлемінің өсімі 11 пайыздан асып жығылады.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Сауда-саттық саласының даму деңгейі де тұрақты түрде өсіп, 4,6 пайызды құрады. Шағын және орта бизнес шығаратын өнім көлемі де 3,3 пайызға артып, 2,4 трлн теңгеге жетті. Нақты экономикалық секторда 21 мың 400 тұрақты жұмыс орны ашылды. Оның 93 пайызы, яғни 20 мыңы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Жартыжылдық қорытындыға сәйкес, құрылыс жұмыстарының көлемі де 18 пайызға ұлғайды. Бұрын 80 пайыз болса, қазіргі таңда 98,5 пайыз деңгейінде тұрақтады. Инвестиция тарту бойынша да 10 пайыздық өсім бар. 80 пайыздан 90 пайызға дейін артып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: astana.gov.kz