Үкімет биылғы 11 айдың нәтижесін қорытындылады

Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4 процентке жетті. Үкімет еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, өсімге негізінен басты салалардағы өндірістің артуы, қызмет көрсету секторының дамуы мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру себеп болған. Құрылыс, сауда, көлік салаларында және өңдеу секторында оң қарқын тіркеліп отыр.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Осы және алдағы кезеңдерде орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге баса назар аударуы қажет. Инвестициялық жобалар пулын іске асыру. Шағын және орта бизнесті жандандыру үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалану. Келесі жылдан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізіледі.

Фото: primeminister.kz