Қазақстанда жасалған тәтті өнімдер шетелде үлкен сұранысқа ие

 

Қазақстанның шоколад пен кондитерлік өнімдер экспортынан көрген биылғы табысы 63 миллион АҚШ доларынан асып жығылады.

Сала мамандарының айтуынша Қазақстанда жасалған тәтті өнімдер көрші Ресей және Орталық Азия мемлекеттерінде үлкен сұранысқа ие. 

РУСЛАН АМАНОВ, ҚР АШМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2019 жылдың тоғыз айында шокалад экспортынан түскен пайда 21 миллион АҚШ доларына жетті. 9,1 млн долардың өнімі Ресейге тасымалданса, Қырғыз еліне жіберілген экспорт 2,2 млн доларды құрады. Ал, кондитерлік өнімдердге келсетін болсақ, экспорт көлемі 42,6 миллион долар болды. Бұл орайда Ресей елі көш бастап тұр. Бұл шекаралас мемлекетттің үлесіне 16,7 млн  долардың өнімі тиесілі. Қырғызстанға 2,2 және Өзбекстан мемлекетіне құны 1 милион доларға жуық өнім экспортталды. Жыл сайын отандық шокалад пен кондитерлік өнімдерге сұраныс артып келетіні байқалады. Қазақстанда жасалған өнімдер ЕуроОдақ елдерінде де кездеседі.

Мамандардың айтуынша, отандық кондитерлер төл өнімін өткізу үшін жаңа нарықтарды бағындыруға кіріскен. Мәселен, Қостанай өңірінде орналасқан жетекші кәсіпорындардың бірі өз өнімдерін алып қытай нарығына шығара бастады. Аспан асты еліне экспорттау фабрика кірісін 3 есеге арттырды. Ал жалпы өндіріс көлемі 40 пайызға дейін өскен.

КОНСТАНТИН ЛИСНЯК,КОНДИТЕРЛІК ФАБРИКАНЫҢ САТУ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

- Фабрика кондитерлік өнімнің 300-ден астам түрін шығарады. Вафля сынды тәтті тоқаштар,  шоколад пен кәмпитке деген сұраныс жақсы.

 Бүгінгінде Қазақстанда жасалған бұл өнімдер елдің басты брендтерінің біріне айналды. Шекара асқанда елден тәтті базарлық алып бару қазақстандықтарда қалыптасқан  жақсы дәстүрлерінің бірі.

БЛИЦ:

- Мен қазақстандық шокаладты жиі сатып аламын. Өйткені оның дәмі тіл үйіреді.

- Мен бүгін демалыстан соң шетелдегі оқуыма қайтуға қамданып жатырмын. Сапарға шығар алдында әдетте қазақстандық шоколадды мейлінше көбірек сатып алуға тырысамын. Өйткені, шетелдік достарым оны жақсы көреді.

- «Қазақстан» ол біздің танымал шокалад. Шетелге шыққанда міндетті түрде бірге алып жүремін.

Отандық шоколад шетелде үлкен сұранысқа ие. Ол өзінің ерекше дәмімен көпті баурады. Шетелдіктер оны тек тәтті дәмі үшін ғана таңдамайды. Жергілікті өнім ағзаға пайдалы дәрумендерге толы.

ӘЙГЕРІМ ӘКІМЖАНОВА,ТІЛШІ:

- Ми жұмысын жақсартып, ойлау қабілетін дамытады. Ағзадағы глюкоза мен липидтердің деңгейін азайтып, жүрек ауруларының қаупін біршама төмендетеді. Бұның бәрі шоколадтың пайдасы дейді, мамандар. Алайда, оны шамадан тыс жеуге болмайды. Күніне 50 грамы ағзаға өз пайдасын тигізуге жеткілікті.

Айта кетейік, 2019 жылы қазақстаннан экспортталған барлық тауарлардың тоғыз пайызы шоколад пен кондитерлік өнімдердің үлесіне тиесілі. Сұраныс бар. Сәскесінше, өндіріс көлемін арттырудың әлеуті зор. Сондықтанда бұл өнімді шығарудың көлемі әлі арта түсетін болады дейді, мамандар.

Автор: Жеңіс Ерм

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz