Қазақстанда жиһаз өндірісі қарқын ала түсті

Еліміздің жиһаз өндірісі қарқын ала түсті. Соңғы бес айдың өзінде ғана бұл саланың ел нарқындағы үлесі 5%-ға артып, ішкі сұраныстың үштен бірінен астамын қамтып отыр.

Бұндай өсімге биылдың шілде айынан отандық өндірушілерге табыстала бастаған индустриялық сертификат серпін беріп, жергілікті өнімінің бәсекеге қабілетті болуына жол ашты. Бұл құжат кәсіпорынның Қазақстанның аумағында жұмыс істеп жатқанын растайды. Осының негізінде өндіруші мемлекеттік тапсырысты орындауға мүмкіндік алады.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа жүйе ішкі нарықты 80 %-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы, елімізде мыңнан астам жиһаз шығаратын кәсіпорын тіркелген. Саланың түсімі 142 млрд теңгені құрайды.

ҚАРЛЫҒАШ БАЙБАТШАНОВА, КӘСІПКЕР:

- 1-ші шілдеден біздің қуатымыз нөлден 70 пайызға бірақ шықты. Қазір 70-80 пайыздай өндірістік күшті пайдаланып жатырмыз. Әлеумті әліде арттыруға болады. Индустриялық сертификат үрдісі өз жемісін беріп жатыр. Бізде шамамен 12-18 жұмыс орны болған қазір бұл көрсеткішті 30-ға дейін жеткіздік. Ендігі мәселе маман тапшылығын шешу

ҚАНАТ ЫБРАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖИҺАЗ ЖӘНЕ АҒАШ ӨҢДЕУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Саланы жетілдіре түсудің барлық алғышарттары бар. Жасалып жатқан бұл мүмкіндіктерді қазақстандық өндірушілерге барынша жеткізу керек. Мемлекеттің көрсеткен осындай қолдауына өз кезегімізде қалай жауап бере аламыз. Осыны ойластыру керек. Біз жаппай жиһаз өнмідерін кешенді өндіріс жолына қою керекпіз. Бұл ең алдымен, қосымша шығындарды азайтады. Есесіне өнім құны төмендейді. Сондай-ақ эксортқа шығуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кәсіпорындарда әлемдік трендтерді ендіріп, жаңа бұйымдар жасауға болады. Сәйкесінше, сапа көрсеткіші артады.

Автор: Жеңіс Ермұқанов

Фото: uglc.ru