Диқандар еңбегі еленді

Қостанай облысындағы ең ірі дән себуші «Олжа Агро» холдингі ауыл шаруашылығы күнін атап өтті.

Биылғы қуаңшылыққа қарамастан еңбек адамдары 280 мың тонна астықты қамбаға құйған. Бұл облыс бойынша алынған өнімнің оннан біріне тең. Басымдық технологияларға берілді.

АЛЕКСЕЙ ЕРИН - «ОЛЖА АГРО» ЖШС АГРОБӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бидай бойынша гектарынан 37 центнердей өнім алдық. Шіліңгір ыстыққа  қарамастан алқаптағы жағдай үнемі бақылауда болды. Егін себу шарттары ескеріліп, тұқым белгіленген тереңдікте өнді.

Холдинг алқаптарындағы орташа гектар берекелігі 14 центнерден айналды. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары.

АЙДАРБЕК ҚОЖАНАЗАРОВ – «ОЛЖА АГРО» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің холдинг былтырғыдан да көп көрсеткішке қалай қол жеткізді? Бәрі агротехнологиялардың арқасында. Өз мамандығыңды құрметтеп, тиімді жұмыс жасау керек. Өйткені ауыл шаруашылығы еңбекқорлықты жақсы көретін сала.

Еңбек озаттарының үлесі ескерусіз қалмады. Биыл шаруашылықта 400-ден аса адам үздік шықты. Олардың қатарында отбасылық әулеттер мен бүтіндей бригадалар бар. Алексей Байназаров осындай еңбеккерлердің бір тобын басқарады. Миллион теңге сыйақыдан бөлек, Баннов ауылының механизаторлары озаттар туын ала кетті.

- АЛЕКСЕЙ БАЙНАЗАРОВ – «ОЛЖА АЛТЫН ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пар бойынша биыл гектарынан 35 центнерден бидай жинай алдық. Сондай-ақ осындай көлемде арпа алынды. Мол өнім жаңа сұрыптарды енгізудің нәтижесінде қол жеткізілді.

Соңғы жылдары «Олжа Агро» кәсіпорынында жалақы 30 процентке ұлғайды. Агромаусым қорытындысында еңбегі сіңіргендердің бірсыпырасы жалақыға 20 процент үстеме ақыға ие болады.

Фото: kapital.kz