Швейцариялық инвесторлар Қазақстанмен әріптестікті дамытады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті мол. Швейцариялық инвесторлар Қазақстанмен арада осы салада әріптестікті дамытуға ниетті. Басымдықты салалардың қатарына сондай-ақ, көлік логистикасы, химия өнеркәсібі, туризм және агросектор жатады.

Шетелдік инвесторлар екіжақты байланыстың әлеуеті бұлармен шектелмейтініне сенімді. Әлемдегі басты қаржылық орталықтардың бірі деп танылған Швейцарияның қазақстандық нарыққа деген қызығушылығы мол. Бұған ел экономикасына құйылған швецариялық инвестицияның көлемі  дәлел. Өткен жылы оның мөлшепі 2 жарым млрд долларға жеткен.

МАКС ЭВАРД, ҚАРЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ /ШВЕЙЦАРИЯ/:

 -Біз тәуелсіз қаржылық басқарушы компаниямыз, оның басқаруында 950 миллион доллар бар. Біз жеке инвесторлар үшін қаржылық басқару қызметтерін ұсынамыз,сонымен қатар біз Астана халықаралық қаржы орталығында өкілдік ету лицензиясына иелік етеміз. Осыған орай орталыққа өз мүмкіндіктерімізді ұсынатын боламыз. Біз кездесу аясында орталықпен ынтымақтастық туралы тағы бір келісімге қол қойдық. Алдағы уақытта белсенді жұмысымызды бастаймыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: Bnews.kz