Қазақстан мен Кореяның өзара тауар айналымы 3 млрд доллардан асты

2019 жылы Қазақстан мен Корея елдері өзара тауар айналымын рекордтық көрсеткішке жеткізуге мүдделі.

Биылдың тоғыз айында ғана екіжақты сауда көлемі 3 млрд доллардан асып жығылды. Жыл соңына дейін бұл деңгейді еселеу көзделіп отыр.

Былтыр жыл қорытындысы бойынша, алыс-беріс құны 2,2 млрд долларды құраған. Экспорт пен импорттың деңгейі теңесті, дейді мамандар.

Қазақстанға кореялық электронды құралдар мен көлік жабдықтары тасымалданса, өз кезегінде таң самалы еліне бізден негізінен уран мен мұнай жеткізіледі. Соңғысының үлесі жыл санап артып келетіні байқалады. 

КИМ ДЭСИК, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРЕЯ ЕЛШІСІ:

 - Қазақстан Корея еліне 2017 жылдан бері мұнай өнімдері тасымалданады. Корея – Қазақстаннан сатып алып жатқан мұнайдың үштен бір бөлігі ғана. Шын мәнінде оның бағасы 4 млрд долларды құрауы тиіс. Біздің елдің статистикасына тікелей Қазақстаннан жеткізілген өнім ғана енгізіледі. Өзгесі Ресей аумағы арқылы тасымалданған соң, сол елдің экспорты деп белгіленген. Қазір осы жағын ескеру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.   

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: baigenews.kz