Дүниежүзілік банк пен ҚР АШМ мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асырады

Дүниежүзілік банк пен ҚР АШМ 2020-2024 жылдарға арналған мал шаруашылығын тұрақты дамыту жобасын жүзеге асырады.

Жоба қазақстандық шаруаларға аймақта басты ет экспорттаушысына айналуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Дүниежүзілік банк 500 млн долларға жуық қаржы бөледі.

Жоба Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны және етті мал шаруашылығын дамытудың ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға септігін тигізбек.

АРТАВАЗД АКОПЯН, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЭКОНОМИСТ:

 - Дүниежүзілік банктің несиесі нақты бір индикаторларды дамытуға беріледі. Мысалы, ауылдық жерлерде жаңадан шағын және орта шаруа қожалықтарын құру, шағын және орта кәсіпкерлерді оқыту арқылы етті мал шаруашылығын дамыту. Бұл ветеринарлық қызметті жақсартады, ет, ет өнімдерінің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба аясында жайылымдық жерлерді, жемшөп қорын жақсарту үшін де инвестициялар қарастырылған.

Фото: kapital.kz