Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Қазақстан-Италия бизнес форумы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы Қазақстан-Италия бизнес форумы өтті. Бас қосуда энергетика, жасыл экономика, ауылшаруашылығы кешені мен мұнай-химия өңдеу өнеркәсіптерін дамытудың әлеуеті талқыланды. Жиынға ұлттық және шетелдік компаниялар мен іскерлік қауымдастықтың 200-ден астам өкілі қатысты.

Италиялық инвесторлардың айтуынша, қазақстандық тарап сырттан келіп бизнес жүргізуге ниет танытқандарға жақсы жағдайлар жасап отыр.

Сондай-ақ форум екі ел арасындағы инвестициялық әріптестік пен өзара тауар айналымын арттыруға өз септігін тигізеріне кәміл сенеді.

САЛЬВАТОРЕ ПАРАНО, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИТАЛИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ САУДА АЛМАСУДЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл кездесу Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік қарым-қатынастың дамып келетінін тағы бір айғақтайды. Біз Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға бағытталған барлық  шараларын толықтай қолдаймыз. Италияда осыған қатысты бірқатар жаңалықтар мен технологиялық шешімдер бар. Біз сол тәжірибемізбен қазақстандық әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз.  

ЕРЛАН ҚАЙЫРОВ, ҚР СІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ:

 - Жалпы тіркелген 400-ден астам компанияның 275-сі белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Олар көптеген салаларда табысты қызмет етуде. Италия 2005 жылдан бері біздің экономикамызға 6 млрд доллардан астам инвестиция құйды.                 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: Etoday.kz