Нұр-Сұлтанда ауыл әйелдерінің II форумы өтіп жатыр

Ауылдарды және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін жолға қою, әлеуметтік мәселелерді шешуге нәзік жандылардың белсенді түрде қатысуы арқылы әл-ауқатты арттыру мен өмір сапасын жақсарту.

Осы және басқа да маңызды мәселелер елордада өткен ауыл әйелдерінің екінші форумында талқылануда. Оған республиканың барлық өңірлерінен және 5 мемлекеттен: Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан 300-ге жуық делегат қатысуда.

Екі күнге созылатын шара барысында сарапшылар, кәсіпкерлер және саясаткерлер ауылдағы бизнес-идеяларды қолдаудың тиімді тетіктері мен сұранысқа ие жобаларды анықтауға ниетті.

Сондай-ақ делегаттар өз тәжірибесімен бөлісіп, шалғайдағы аудандардың табысты даму формуласын ойластырмақ.

 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ ОЮЛ «КОАЛИЦИЯ ЗА ЗЕЛЁНУЮ ЭКОНОМИКУ»  И РАЗВИТИЕ G-GLOBAL»:

 - Біздің Қазақстанда Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы құрылды. Біз ауыл қозғалысын құрдық және біздің қозғалыстың мақсаты – бұл ауыл әйелдерінің мәртебесін көтеру болып табылады. Біздің делегаттарымыздың арасында инновациялық тәсілдерді, ауыл шаруашылығындағы инновациялық жобалар туралы айтатын әйелдер басқаратын ірі бизнес-құрылымдар бар.

ЮЛИЯ САМОЙЛОВА, РЕСЕЙ АУЫЛ ӘЙЕЛДЕР ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Мұндай форумдардың маңызы зор, бұл біздің елдеріміздің экономикасының дамуына және ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді. Шағын шаруа қожалықтарын ұйымдастыру жоспарда бар. Бау-бақша, көкөніс шаруашылығымен айналысатын қожалықтар. Ауылда дәл осындай қожалықтар жетіспейді, яғни, елеулі жетістіктерге қол жеткізген қандай да бір ұсақ шаруашылықтар. Жетістікке жеткендерін өзімізге үлгі ретінде алсақ дейміз.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: zakon.kz