Омск қаласында Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

Қазақстан мен Ресей шикізат емес экспортты дамыту бағытында бірлесіп әрекет етпек. Өзара сауда айналымында осы сегменттің үлесін арттыру – әріптестік қарым-қатынастың басымдықты бағыттарының бірі.

6 қарашада Омск қаласында өтетін XVI Өңіраралық ынтымақтастық форумы  аясында осы мәселе талқыланбақ. Қос тарап сарапшылары агроөнеркәсіп секторын, жоғарытехнологиялық өндірістерді дамыта отырып, логистикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жайын сөз етпек.

Сондай-ақ форумға қатысушылар туризм және білім беру саласындағы қызмет көрсету экономикасын дамыту, инвестициялық жобалар мен бірлескен өндірістерді іске қосу мәселелерін де қарамақ.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

Фото: dep-economy44.ru