Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Беларусь бизнес форумы өтті

Қазақстан мен Беларусь кәсіпкерлері ынтымақтастық мәселелерін талқылап, перспективалық жобалар мен салаларды анықтады.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бизнес-форумда екі елдің іскер топтарының 200-ден астам өкілі жиналды. Тараптар бірнеше миллион долларға жететін бірқатар келісімдер жасады. Бұл құжаттар негізінен фармацевтика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ ІТ, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларында жүзеге асырылатын жобалар. Соңғы жылдары республикалар арасындағы сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалғанын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 350-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

БАҚЫТБЕК ҚАБЖАНОВ «KAZAKH INVEST» ҰК ЕЛДІК МЕНЕДЖЕРІ:

 - Қазақстан Белоруссиядан машина құрастыру, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша инвестиция күтіп отыр. Керісінше, Қазақстанда қаржы құюға дайын бірқатар жобалар бар. Олар негізінен агроөнеркәсіптік кешен мен жеңіл өнеркәсіпке қатысты. Биыл және келесі жылы жүк көліктерін  құрастыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.  

Фото: sputniknews.kz