Қазақстандық астық тұқымы шетел сұранысына ие

Шетел диқандарының Қазақстанның аграрлық тәжірибесіне қызығушылығы артып келеді. Әсіресе, жаңа тұқым түрлеріне деген сұраныс күшті. Астықты елімізде егіннің бітік шығып, бадана дән бастыру үшін бірқатар инновациялық жобалар қолға алынған. Ауыл шаруашылық өнімдерін зерттеу инстиуттары өнімділігі жоғары дақылдардың жаңа сұрыптарын шығаруды қолға алған. Нәтиже көңіл көншітерлік. Сырт елдерден отандық тұқымға тапсырыстар түсіп жатыр.

КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ, АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Ресеймен, Орталық Азиямен қоян-қолтық жұмыс жасап жатырмыз. Қазір бізді қызықтырып жатқан – Қытай мемлекеті. Соңғы кезде Италиямен де үлкен жұмыс жасап жатырмыз. 30 фермер келіп, біздің өніміміздің сорттарын көрді. Қатты бидай тұқымын бізге ектіріп, бізге тапсырыс беріп, қожалықтары сол Италияға тасымалдап жатыр.

ЖАНДОС КЕРІМҚҰЛОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Онлайн сервис «Егістік» қазақстандық пайдаланушыларға арналған. Сіз, мысалы, фермер болсаңыз кадастрлық нөмірді енгізесіз. Біз сіздің жеріңізді тауып, еуропалық ғарыш агенттігіне жібереміз. Сол жерден космосуреттер келіп егістік анализін аласыз. Ол вегитациялық, хлорофил, азот және ылғалдылық бойынша анализ береді. Мақсат – келесі жылдан бастап біз Ресей нарығына нақты қадамдар жасаймыз.

Фото: kapital.kz