Қазақстандық ұнның Қытайға экспорты артады

Қазақстан Қытай еліне өз өнімін тасымалдау көлемін арттыруға ниетті. Қазір аспан асты мемлекетіне бізден 50 мың тоннаға тарта өнім экспортталады. Отандық ұн тартушы кәсіпорындары ғана бұл көрсеткішті 2 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Бүгінде көрші елдің нарығына төл өнімін тасымалдайтын 2017 кәсіпорын бар. Оның 30-ы ұн өндірісімен айналысады.

АЛЕКСАНДР ЛИ, ДИІРМЕНДІК КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Тұтыну көлемі үлкен алпауыт Қытай елінің нарығы біз үшін  аса қызықты. Ол – шынымен өнімді үлкен көлемде сату үшін өте тиімді әрі қолайлы нарық. Бүгін ғана сатып алушылар келіп келісімшартқа тұрды. Әзірге сынақ жүзінде 3 вагон деп келістік. Әрі қарай көлемі ұлғаятынына үміттіміз.     

ДОС-МҰКАСАН ТӘУКЕБАЕВ, ДИІРМЕН КОМБИНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазіргі таңда қытай аумағында гамбургерлер мен түрік дәмханалары көбейіп барады. Біздің ұннан жасалған гамбургер тоқашының дәмін татып көрген адам оны іздеп жүріп жейтін болады. Біз бұған нық сенімдіміз. Сондықтан бұл орайда әлеует зор. Қытайлық тараптан сұраныс тек арта түседі деп сеніммен айта аламын.

Фото: kapital.kz