Қытай – Қазақстандық экспорттың басым бағыты

Қазақстан экспортының басымдықты 5 елінің ішінде Қытай көш бастап тұр. Бүгінгі күні сыртқы нарықтарға отандық өнімнің барлық жеткізілімдерінің 20%-дан астамы Аспан асты елінің үлесіне тиеcілі. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, Қытай Халық Республикасында өнеркәсіптік тауарлар мен азық-түлік үлкен сұранысқа ие. Көрші елдің нарығына тиімді және кешенді ілгерілету үшін отандық сарапшылар экспорт алгоритмі деп аталатын арнайы нұсқаулық әзірледі. Бұл құжат экспорттаушыларды барлық қажетті рұқсаттарды қоса алғанда, қолданыстағы стандарттар мен Аспан асты еліндегі өнімге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЕРКЕЖАН ӘМІРХАНОВА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бүгінгі күні біздің тамақ өнімдерімізге деген қызығушылық басым. Себебі біз  қазақстандық азық-түлік өнімдерінің органикалық болуына байланысты үлкен сұранысқа ие екенін жақсы білеміз. Сондықтан мұндай тағам түрлерін стандарттау, оны сертификаттау сияқты тауар түрлеріне жататын 48 өнім түрі бар. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасына жіберілетін өнеркәсіптік топқа кіретін 25 тауар өнімін атап өтуге болады. Аспан асты елі өз кезегінде бұл тауарларға қызығушылық танытып отыр.

Фото: dailynews.kz