Қырғызстаннан ЕАЭО елдеріне көкөніс экспорты артты

Қырғызстанның шаруалары Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне көкөніс экспортының көлемін арттырып келеді. Шу облысының бақша дақылдары бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мемлекеттерге тасымалданып жүргеніне бірнеше жыл болған. Негізінен сыртқа қырыққабат, баялды, болгар бұрышы мен қызанақ жеткізідеді.

ПАЗЫЛ РАВШАНОВ, ШУ ОБЛЫСЫНЫҢ МАЙ АУЫЛЫНЫҢ ФЕРМЕРІ, /ҚЫРҒЫЗСТАН/:  

-  Қызанақтың бұл түрі «новичек» деп аталады. Бір бөлігін Қара-Балтадағы зауытқа тапсырамыз. Ал қалған бөлігін Ресей, Қазақстан мен Тәжікстанға экспорттаймыз. Қызанақтың бұл сұрпы ұзақ мерзім сақталады. Сондай-ақ тасымалдаған кезде қалпы бұзылмайды. Олар көбіне ас дәмдеуіш тұздықтар әзірлеуге пайдаланылады.  

Қырғызстандағы Жаны-Пахта өңірі көкөніс өндірісі бойынша көш бастап келеді. Табиғи дақылдардың негізгі бөлігі Ресей, Армения мен шекаралас Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне экспортталады. Өткен жылы жергілікті диқандар сыртқы нарыққа 10 мың тоннаға жуық өнім жеткізген. Ол – жалпы көкөніс экспортының жетіден бір бөлігі. Кезекті егіс науқанынан да мол өнім жинау көзделген.

Фото: knews.kg