Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуы

Құрылыс индустриясының отандық кәсіпорындары экспорттық бағыттарды белсенді түрде кеңейтіп, еуразиялық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде Қазақстандағы құрылыс материалдарының нарығы даму барысында үлкен әлеуетке ие. Шикізат базасының жеткілікті болуы өндірістік қуаттарды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, компаниялар импорт алмастыруға үлес қосуда.

ЮЛИЯ ИВАНОВА, ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ШЫҒАРУ ЖӨНІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨКІЛІ:

 - Біздің компания құрылыс материалдарын, оның ішінде шатыр және қабырға панельдерін шығарумен айналысады. Соңғы 2 жылда біз Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарына қарқынды түрде шығудамыз. Біздің өнімдеріміз өте үлкен сұранысқа ие. Біздің тауардың ерекшелігі – монтаждаудың жеңілдігі, тез салынатын ғимараттар, яғни бұл – дайын қабырғалар, дайын шатырлар қағидаты.

АСҚАР АЙТҚОЖАНОВ, КАБЕЛЬ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ӨКІЛІ:

 - Күштік бақылау кабельдерінің кең ассортиментін шығарамыз. Бүгінгі күні шығарылатын өнімнің номенклатурасында 7000-нан астам марко-өлшемдер бар. Біз отандық компаниялар өткізетін кабель өнімдерін сатып алу кезінде импортты алмастыру жөніндегі барлық бағдарламаларға қатысамыз. Экспорт – ол бізге таяу елдер. Атап айтар болсам, Ресей, Өзбекстан және ішінара Түрікменстан.

Құрылыс индустриясындағы соңғы тренд – «жасыл» құрылыс және энергия тиімді технологияларды қолдану. Басты жетістік коммуналдық қызметтердің құнын, сондай-ақ энергия желісіне түсетін жүктеменің төмендігі. Әзірге елімізде алдыңғы қатарлы еуропалық әзірлемелер ғана қабылдануда. Бұл күн панельдері, жылу сорғылары, автономды күн станциялары және тағы басқалар. Алайда «жасыл технологияларға» деген қызығушылық жыл сайын артып келеді.

АЗАМАТ ЫСҚАҚОВ, ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОРНАТУ БОЙЫНША КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Спектр өте кең. Ең бастысы – мұның барлығы Қазақстанда тиімді жұмыс жасауда. Әрине, біз оңтүстікке акцентті басымырақ қоямыз. Оңтүстікте күн шуағы төгіліп тұратын күндер көп. Мұнда – солтүстікте, шығыста, батыста да енгізудеміз. Дәл осы уақытта шетелдік технологияларды қолданамыз. Оның ішінде немістің, австрияның технологияларын. Өйткені Германия – бүгінде 50%-ға жасыл технологияларға көшкен мемлекет.

Фото: ais.by