Қазақстанда исламдық қаржыландыру мамандары даярлануда

Қазақстанда исламдық қаржыландыру мамандары даярлануда. Жергілікті қаржыгерлер Малайзия, Катар, Бахрейн мен Ұлыбритания елдерінің кәсіби сертификация, бухгалтерлік есеп және аудит топ менеджмент сынды 4 бірдей халықаралық бағдарлама бойынша оқытылып жатыр. Бұл жөнінде елордада басталған кезекті исламдық қаржыландыру апталығында айтылды. Айта кетейік, шариғат заңнамаларына негізделген қаржы институтының елімізде етек жайғанына 10 жылдың жүзі болған. Бүгінге дейін саланың негізгі жүйесі жетілдіріліп, инфрақұрылымы жасалды. Өткен жылы кәсіби мамандардың қауымдастығы , жақында исламдық қаржыландыру орталығы ашылды. Ендігі кезектегі мақсат  халықтың  қаржылық сауатын ашып, оның құрылымы мен қызметінің бағыттары туралы білімдерін кеңейту, дейді мамандар.

РУСЛАН МОЛДАШЕВ, АХҚО БЮРОСЫНЫҢ ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Біздің ойымызша, бұл бастамалар  мамандардың кәсібилігін дамытумен қатар, халықты  құлағдар ету үшін қолға алынып отыр. Мәселен, сіз инфрақұрылымды жақсартып, маман даярладыңыз делік. Алайда ол жайлы ешкім білмесе оның алға басуы екіталай. Сондықтан алдағы уақыттағы мақсаттарымыздың бірі көпшілікті оның қызметімен етене таныстыру бағытындағы шаралар ұйымдастыру.

Фото: growthbusiness.co.uk