Отандық трансформаторлар көрші елдерге экспортталады

Қазақстан энергетика саласындағы экспорттық әлеуетін арттырып келеді. Осы орайда жақында ғана Шымкент қаласында іске қосылған трансформатор шығаратын зауыт өніміне үлкен сенім артылып отыр, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Бұл – кернеулілігінің ауқымдылығы 110 нан 500кВт-қа дейін энергия өндіретін аса жоғары сапалы қондырғылар жинайтын Орталық Азияда баламасы жоқ бірден-бір өндіріс орны. Бірегей кәсіпорын қуаты жылына 120 трансформатор құруға қауқарлы. Зауыт ішкі сұраныспен бірге сыртқы нарықты қатар қамтуды көздеп отыр. Өнімнің 50% шет мемлекеттерге экспортталады деп күтілуде.Негізінен – көрші ТМД елдері. Жобаның жалпы құны 18,9 млрд теңгені құрады.

ЕРКЕБҰЛАН ІЛИЯСОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Алдағы уақытта экспорттық жоспарымыз өте үлкен, оны кеңейтеміз деп отырмыз. Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінде қойылатын үлкен трансформаторларды жіберсек деп жоспарлап отырмыз. Тауарды жеткізуіміздің, өнімді жасайтын уақытымыздың, бағасы, сапасы да – барлығы сай.   

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: vera.kz