Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы

Оңтүстік Корея инвестициялары Қазақстанның инфрақұрылымына, IT-технологияларына, ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау саласына тартылатын болады. Аталған бағыттардағы жобалар осы жылдың сәуір айында  екі ел президенттері қол қойған «Самал жел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрліктері басшыларының кездесуінде айтылды.

БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-  Қазақстан үшін Корея – Азия аймағындағы екінші ірі серіктес. 2018 жылы біз 4 млрд доллар айналымымен аяқтадық. 2019 жылдың 6 айында тауар айналымы 2,7 млрд долларды құрады.

Бейбіт Атамқұлов пен Кан Ген Хва Корея Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында еркін сауда туралы келісімге қол қою мәселелерін де қарастырды. Айта кетейік, осы айдың соңында сыртқы істер министрлігінің өкілдері тағы да бас қосады. Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді. Тараптар экономикадағы бірлескен жобаларды талқылайды.

Фото: platon.asia