ЕАЭО елдері сауда кедергілерін жоюда

Биыл Еуразиялық экономикалық комиссия экономикалық одақ аумағындағы 17 сауда кедергісін жойды, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.

Айта кетейік, кедергілерді анықтау, сондай-ақ интеграциялық бірлестікке қатысушы барлық елдердің мүдделерін сақтау – Еуразиялық экономикалық одақтың басым міндеттерінің бірі. Бірлестіктің трансшекаралық нарықтарында бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың алдын алуға ерекше назар аударылады. Атап өтсек, осы жылдың 9 айында Қазақстанның одақ елдеріне экспорты 16%-ға, ал импорт 9%-ға өсті.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ АЛҚА МҮШЕСІ&

- Осы уақыт ішінде 41-ден астам өтініш түсті. Қазіргі таңда барлық өтініштерге талдаулар жүргізудеміз. Бізде құқық пен ұсыныс институты енгізілді. Бірінші кезекте, біз бұзушылыққа жол берген тарапқа олқылықты түзетуге мүмкіндік береміз.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: verelq.am