Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,3 пайызға дейін өсті

Қазақстан ЖІӨ-нің өсімі осы жылдың 8 айында 4,3 пайызды құрады. Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, дамудың факторларының бірі инвестициялық белсенділік болған, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі. 

Оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында, сауда және өнеркәсіп секторларында инвестиция көлемі едәуір өскен. Салалық ведомствоның ақпаратына сәйкес, өсу аясында барлық халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін инвестициялық тартымдылық деңгейін растады. Бұл ретте Moody's болжамын тұрақтыдан оңға жақсартты.

МАДИЯР КЕНЖЕБОЛАТ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

-  Бастапқыда Ұлттық экономика министрлігі болжаған экономикалық өсім 3,8% деңгейінде болатын. Ал қазір 8 айдың қорытындысы бойынша, бұл болжамнан да асып түсті. Соңғы 2 жылда инвестициялар көлемі айрықша қарқынмен өсуде. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция нақты 17,5%-ға артты. Осы жылдың 8 айында ол 11 пайызға жуық өсті.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

Фото: teleskop-by.org