Жолдау-2019: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

2020 жылға дейін Қарағанды облысында 28 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілмек, ал дайын ауыл шаруашылық өнімінің экспорты 11 пайызға артады. Ароөнеркәсіп кешенін жан-жақты дамыту – Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі. Бұл туралы мемлекет басшысы өз Жолдауында ерекше атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде және одан тыс жерлерде сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім шығару үшін еліміздің әлеуеті зор екендігін атап өтті. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Жеке инвестицияларды тарту ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді. Мал шаруашылығы, азық-түлік тауарларын шығару және өңдеу бойынша үлкен жобалар қажет.

Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңес сарапшысы Никита Мендкович те аграрлық сектордың зор әлеуеті барын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей бүгінде ауылшаруашылық тауарларының ірі экспорттаушысы болып табылады. Сондықтан екі ел агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында ынтымақтасты дамытуы және үйлестіруі қажет және инвестициялар тартып, шағын және орта шаруа қожалықтарын күшейтуі қажет.

НИКИТА МЕНДКОВИЧ, РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС САРАПШЫСЫ:

- Өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ететін өз бетінше жұмыс істейтін азаматтар класын құру үшін қажет. Тағы да бір жағдай – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігі. Қазақстан посткеңестік кеңістікте аса маңызды ауылшаруашылық ресурстарын экспорттаушы болып табылады және осы мәртебені жоғалтпау керек.  

Фото: aktobetv.kz