Күнбағыс майының экспорты артты

Күнбағыс майының экспорты артты

Күнбағыс майын сыртқы нарықтарға басты экспорттаушы Солтүстік Қазақстан облысында осы өнім түрін өндіру көлемі 2,5 есеге дейін артты. Мәселен, өткен жылдың 7 айындағы көрсеткіш 13 мың тоннаны құраса, биыл ол 32 мың тоннадан асқан. Өңірде майлы дақылдар алқабы артып, дайын өнім Қытайға саудаланып жатыр. Сондай-ақ жергілікті зауыттар алдағы уақытта шикізатты Ақмола және Қостанай облыстарының шаруаларынан сатып алмақ. Мысалы, бұл зауыт жылына 365 мың тонна майлы дақыл өңдей алады.

ТАЛҒАТ НАУРЫЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Биыл 7600 тонна рапс майын экспортқа өндіріп отыр. Және де 19500 тонна жмых шығарып отыр. Енді олар өздерінің өндірістерін кеңейтпекші. Сырттан келетін инвестиция көлемі 5 млн АҚШ долларды құрайды. Соның ішінде сиымдылығы 25 мың тонна болатын 5 банканы қойып отыр. Ол жерде сүрлемдер сақталатын болады.

Фото: inbusiness.kz