Алматы облысындағы сүт зауыты голландиялық технологиямен ірімшік жасай бастады

Сарқан ауданындағы сүт зауыты голландиялық технологиямен ірімшік жасай бастады. Ерекше тәсілмен дайындалатын өнім, ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан серіктестік өкілдері оны өзге облыстармен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспорттауды жоспарлап отыр. Осылайша  жолдауда айтылған дайын өнім экспортын арттыруға өз үлестерін қоспақ.

Бекзат Мәсімов сүт зауытының бас технологі. Ол голландиялық тәсілмен жасалған өнімнің талапқа сай болуын қадағалайды. Жаңа салаға ден қойған мамандар бүгінге дейін 60 тоннаға жуық сыр шығарған.   

БЕКЗАТ МӘСІМОВ, ТЕХНОЛОГ:

 - Бірінші рет шығарып отрығаннан кейін Алматы облысын қамтамасыз етіп отырмыз. Келесі жылы Қазақстанның түпкір түпкіріне, содан соң шетелге шығарсақ деп отырмыз.

Зауыт күніне  150 тонна  сүт,  құрт, май, ірімшік, айран шығарады. Алдағы уақытта  өнім көлемін көбейтпек. Ол үшін шаруалармен келіссөз жүргізіліп жатыр.

ДАНИЯР РАҚЫШЕВ, ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 - 6 шаруашылықпен жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізге сүт өткізеді. Және 5-6 шаруашылықтан келісім жүргізіп жатырмыз. Күніне қазір 15-20 тонна сүт болса, олар келісім жасасқан соң, тағы 5-6 тонна сүт қосылады.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында зауыттағы  техникаларды жаңартып, халықаралық стандартпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Фото: komiinform.ru