Равшан Назаров: Жолдаудағы 5 басымдық Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігін арттырады

Бүгінгі таңда Қазақстанда жасалған тауарлар көрші ел нарығында үлкен сұранысқа ие. Тек осы жылдың алғашқы тоқсанында барлық саладағы көрсеткіш 30 пайызға артқан. Сонымен қатар еліміздегі бағаның тепе-теңдігі өзге елдердің экономикасына да оң ықпал етеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған басты құжатында атап көрсетілді. Жолдауда айтылған 5 басымдық Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенділігін арттырады. Бұл пікірмен өзбекстандық сарапшы Равшан Назаров та келісіп отыр. Сарапшылар қоғамдастығы өкілінің айтуынша, бауырлас елдер арасындағы аймақтық ынтымақтастық пен көліктік логистикалық қызмет барыс-келісті жақсартып, шекарадағы кедергілерді жойған.

РАВШАН НАЗАРОВ, САРАПШЫ:

- Маңызды құжат негізінен көптеген тармақтардағы трансформация үрдісімен астасып жатыр. Қайта құру, әсіресе әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістерге көбірек негізделген. Бұның барлығы тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының ішкі жағдайда ғана емес, сонымен бірге аймақтағы өзге де мемлекеттермен қатар бүкіл қоғамдық байланысқа тікелей оң әсер етеді.

Қарағандылық сарапшы  Серік Санаубаевтың хабарлауынша, шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың салықтан 3 жылға босатылуы өз ісін жаңадан бастаған бизнес өкілдеріне бизнесін домалатып әкетуіне жақсы мүмкіндік береді. Айта кетейік, келесі жылдың қаңтар айынан бастап, микро және шағын бизнесті тексеруге 3 жылға тыйым салынады.

ЕРІК САНАУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Өз бизнесін бастаушы кәсіпкерлерге Жолдауда көрсетілген басымдықтар өндірісті кеңейтуге, оған инвестиция тартуға зор мүмкіндік береді. Жас кәсіпкер ісін аяққа тұрғызған кезде тұрақты дамып, пайда әкеле бастады. Міне, осы кезде ол салық төлей алады.

Фото: Хабар 24