Қ.Тоқаев: Елімізде шағын және орта бизнес субъектілері 3 жыл бойы тексеруден босатылады

Қазақстан қоғамының ең өзекті мәселелері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрініс тапты. Елдің сот, салық, ауыл шаруашылығы, білім және құқық қорғау салаларын тың реформалар күтіп тұр. Президент Жолдауында қойылған міндеттердің барлығы бүгінгі күнге байланысты, деді Тоқаев. Мысалы, елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау күшейтіледі, олар 3 жыл қатарынан тексеруден босатылады. Мораторий 2020 жылдың басынан күшіне енеді. Сондай-ақ жаңа ашылған бизнес нысандарды 3 жылға дейін салық төлеуден босату туралы заң жобасы әзірленуі тиіс.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді. Жұмыссыздықты азайтады. Салық базасын құрып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісінде санаға сіңген масылдықтан арылуға мүмкіндік береді.

Фото: sputniknews.kz